Әкімдік өкілдері контейнер орнатылған жер 2018 жылдан бастап қала резервінде екенін анықтады.
Алматыда әкімдік қызметкері жер учаскесін заңсыз иемденіп алған
2,111
оқылды

Алматыда әкімдік қызметкері – «Әйгерім» шағынауданның инспекторы жер учаскесін заңсыз иемденіп алған, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 26 шілде күні шаһар басшысы Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны «Әйгерім» шағынауданында контейнерді заңсыз орнату және жерді заңсыз басып алуға қатысты шағым айтқан болатын.

Ақпараттың анық-қанығын Алатау ауданының әкімі А.Қалдыбеков, Алатау ауданы бойынша қалалық жоспарлау және аумақты дамытуды үйлестіру қызметінің және жер ресурстарын басқару департаментінің басшылығы барып тексерді.

Әкімдік өкілдері контейнер орнатылған жер 2018 жылдан бастап қала резервінде екенін анықтады. Тиісінше, оны жекеге беру мүмкін емес.

«Муниципалды меншікке «Әйгерім» шағынауданның инспекторы Сәбит Балтабайұлы қол сұғуға әрекеттенді.

Жерді иелену құқығына дәлел ретінде ол әділет органдарында тіркелмеген 1998 жылғы заңсыз шешімді көрсеткен. Тексеру нәтижесінде инспекторды қызметтен босату туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жұмыстан босату туралы бұйрық қала әкімінің аппаратына жіберілді.