Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Абай облысында екі ауыл таратылады
1,296
оқылды

«Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

- Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;

- Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаұлы ауылдық округінің Тарлаұлы ауылының құрамына енгізілсін», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімінде.

Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.