27 маусымнан 26 шілдеге дейінгі аралықта баспананы жалға алу 4,2%-ға өскен.
Қазақстанда пәтерді жалға алу құны қымбаттап жатыр
2,262
оқылды

inbusiness_kz хабарлауынша, баға 13 қаланың 11-інде айтарлықтай көтерілгені байқалды. Пәтерақы Қостанай мен Петропавлда 10%-ға, Алматы мен Шымкентте 7%-ға, Ақтауда 5%, Ақтөбеде 4% Астана, Қарағанды, Оралда 3%, Павлодар мен Көкшетауда 2%-ға артқан. Атырауда баға өзгермеген.

27 шілдедегі есеп бойынша елдегі тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы:

– бір бөлмелі – 124 мың теңге;

– екі бөлмелі – 165 мың теңге;

– үш бөлмелі – 209 мың теңге.