Бүгін Алматы маңында жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 30 шілде күні Алматы уақытымен 02.58-де жер сілкінісін тіркеді.

 

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 11.2. MPV магнитудасы – 4.8. Эпицентр координаттары – 41.39° с.е. 73.96° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», – делінген хабарламада.