Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» бағасы 580 млн теңгеден асуы мүмкін.
ҰҚК синтетикалық есірткі шығаратын жасырын өндірістерді анықтап, жұмысын тоқтатты
1,037
оқылды

Астана қаласы мен Ақмола облысының ҰҚК департаменттері Ұлттық гвардияның «Бүркіт» арнайы жасағын жұмылдыра отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысына тоқтау салды.

«2023 жылғы 17 және 24 шілдеде ҰҚК Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша департаменттері Ұлттық гвардияның «Бүркіт» арнайы жасағын жұмылдыра отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын тоқтатты.

Заңсыз айналымнан 29 келіден аса «мефедрон» психотроптық заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды»,  делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталған 4 азаматқа қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.