«Футбол жолы» фестивалі – қазақстандық футболға арналған алғашқы ауқымды шара.
Olimpbet шымкенттіктерге ұмытылмас футбол мерекесін сыйлады
2,624
оқылды

Шымкенттіктер үшін үлкен оқиға – «Футбол жолы» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Мыңдаған жанкүйер еліміздің бас футбол жүлдесін көріп, көңілді уақыт өткізіп, Қазақстан футболының тарихын жазған спортшыларды мақтан тұтты.

«Футбол жолы» фестивалі – қазақстандық футболға арналған алғашқы ауқымды шара.

Қазақстан футбол федерациясы мен еліміздің ең танымал букмекерлік кеңсесі Olimpbet республиканың аймақтарына бұрын-соңды болмаған тур ұйымдастырды. Оның мақсаты – Қазақстан футболының 110 жылдық шежіресіне тағзым ету, спортшыларымыздың жетістіктерін насихаттау және әр қаладан келген жанкүйерлерді әлемдегі ең керемет спорт түріне бұдан да көптеп тарта түсу.

Енді екі ай бойы еліміздің 8 өңірінде үлкен спорттық ойын-сауық фестивалі ұйымдастырылады. Бұл шара 30 шілде күні Шымкентте бастау алды.

Ең алғашқы «Футбол жолының» ойынына 9 мыңға жуық қонақ жиналды. Олар футболдың басты жүлделері - Қазақстан Премьер-Лигасының чемпиондық тондосын, Қазақстан кубогы мен суперкубогын көзбен көріп, қолмен ұстап, суретке түсті.

Жанкүйерлер арнайы жасалған кеңістікте қазақстандық футболдың тарихи белестерімен танысты. Сондай-ақ олар «Ордабасы» клубының ойыншыларынан қолтаңба алып, танымал рэпер Шизаның өнерін тыңдап, көптеген іс-шараға қатысып, «Футбол жолының» бас серіктесі Olimpbet-тің атынан жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен қатар фестиваль алаңында әуесқой футболдан турнир өтті. Қала чемпионы атағы үшін 30-ға жуық команда бақ сынасты.

«Футбол жолының» стартына қатысқан құрметті қонақтар қатарында Шымкент қалалық  Денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов пен Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин де бар.

Фестиваль қонақтары жауап бергендей, қазақстандық спортқа арналған мұндай ауқымды шараның қазіргі таңда маңызы зор. Олар Шымкенттің осы үлкен футбол турын ашу құрметіне ие болғандарына өте қуанышты.

«Футбол жолы» картасының келесі нүктесі – Ақтау. Онда да Каспий жағалауында 6 тамызда дәл осындай дүбірлі де  думанды шара өтеді. Толығырақ фестиваль сайтынан танысуға болады.