Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Ақмола облысында әкесі үш қызын зорлаған»: Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
1,315
оқылды

Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылында үш бала әкесінен жыныстық зорлық-зомбылық көргені хабарланды. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында ақпаратты тексеруге шақырды, – деп хабарлады Azattyq Ruhy.

 

 «Ақпаратты тексеруді сұраймыз! Балалар омбудсмені, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, #НеМолчиKZ қорының сенім телефонына бір отбасынан шыққан үш балаға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық туралы хабарлама келді», – деді Дина Таңсәрі.

Ол оқиғаның қайда болғанын айтты.

«Старый Колутон ауылы, Астрахан ауданы. Ата-анасы ішімдікке салынған, балаларды әкесі зорлайды. Бұл ақпаратты балалардың әжесі еріктілерге айтты. Тексеруді және шаралар қабылдауды сұраймыз», – деді құқық қорғаушы.

Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Үш баланы (7, 9 және 11 жас) дәрігерлер тексерді – дене жарақаттары анықталған жоқ. Медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитеті оқиғаны назарға алғанын хабарлады.