Жүрсін Ерман әлі де емін жалғастырып жатыр.
Танымал әртіс Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтып, суретін жариялады
67,974
оқылды

Танымал әртіс Олжас Сыдықбек ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, Жүрсін Ерман әлі де емін жалғастырып жатыр. Айта кетейік, былтыр танымал айтыскер ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскен еді. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен. Кейін өнер иесі Швейцарияға емделуге кетті. 

"Жүрсін ағаға сәлем бере үйіне келдім. Хал сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызылкүрең шай үстінде отырып біраз өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның "деген екендерін" айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедураларын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз!" – дейді Олжас Сыдықбек.

Жүрсін Ерман – ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Оның "Жанартау", "Арайлы күн, армысың!", "Ұлытауға бардың ба...", "Құдіретке жүгіну", "Екі тізгін, бір шылбыр", "Құстың көлеңкесі", "Ырғай", "Арнадым сізге", "Көктөбедегі кездесулер", "Алыстан және жақыннан", "Гөй-гөй" атты кітаптары бар.