Сарапшылар Шығыс Қазақстан облысында жер бетіне қойыртпақ төгіліп, Филиповка өзеніне құйыл­ғанын анықтады. Бұл туралы Экология және табиғи ре­сурс­тар министрлігі мәлім етті.
Өзеннің түсі өзгерді
632
оқылды

27 шілдеде әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында Филиповка өзенінің сүтті реңк­ке боялып, ластанғаны туралы бейне жарияланған еді. Осы факті бойынша Экология, Балық инспекциясы, Сани­тариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, Рид­дер қаласы әкімдігі және «Қазмырыш» ЖШС өкілдерінің қатысуымен комиссиялық сапар ұйымдастырылды.

«Өзеннің ластануы «Қаз­мырыш» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің қалдық қой­масындағы қойыртпақ құбы­рының жарылуы салдарынан пайда болды. Соның салдарынан жерге қойыртпақ төгіліп, кейін­нен өзенге құйылған. Экология департаментінің қызметкерлері химиялық талдауға су сынама­ларын алды. Қазіргі таңда сына­ма талданып жатыр», – деп атап өтті министрлік өкілдері.

Аталған факті бойынша Экология департаменті тарапы­нан «Қазмырыш» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру белгіленді.