Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 446,07 теңге.
1 тамызға арналған валюта бағамы
1,272
оқылды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллардың теңгеге шаққандағы құны – 443 – 447 теңге.

Ал Алматыда доллар бағамы 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

31 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге қымбаттап, 445,89 теңге болған.

Ресей рублінің бағамы 4,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 5,03 теңге аралығында саудаланса, Астанада көрші ел валютасы 4,83 – 4,93 теңгеден сатылып жатыр.