BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Самара-Шымкент автожолында екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты
664
оқылды

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам мерт болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW жеңіл көлігі соқтығысты.

Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

«Автокөлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», – дейді Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Қалиев.

Фото: egemen.kz