25 шілдеде компанияның директорлар кеңесі сайланған.
Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесін басқарады
970
оқылды

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесін басқарады, – деп хабарлады kase.kz.

«Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде облигациялары тұрған «Транстелеком» АҚ (Астана) KASE-ге акционерлердің ортақ шешімімен 25 шілдеде компанияның директорлар кеңесі сайланғанын хабарлады», – деп хабарлады KASE.

Директорлар кеңесі төмендегідей:

Н.Р. Әлиев, Д.А. Покупателев, Б.М. Өтемұрат, Э.М. Ғұмаров, А.М. Ахметжанов, В.А. Аниховский, К.У. Ибраимов.

KASE мәліметінше, компания 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивиденд төлемейді.

Фото: sputnik.kz