«Ақкент» ықшамауданындағы алапат өрт кезінде зардап шеккендерге өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар қарапайым адамдар да көмектескен. Олардың арасында жақын маңдағы құрылыс басында жүрген құрылысшылар, сол маңнан жай өтіп бара жатқан адамдар да бар, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Өртенген үй тұрғындарын құтқаруға көмектескен құрылысшы 16-қабатқа троспен көтерілді
1,382
оқылды

Эльдар Исмайылов әріптестерімен бірге жұмысқа бара жатқанда будақтаған қара түтінді көрген. Олар көп ойланбастан көлігін тастап, көмекке ұмтылған.

"Үйге кірдік, дем алу мүмкін емес еді, түтін, ыстың иісі қолқаны алады. Адамдар кілем, матрастарын алып шығып, жая бастады. Алтыншы және жетінші қабаттың терезелерінен адамдар секіре бастады. Балалар секірді, арасында әйелдер де бар. Кран келді. Біз кранмен жоғары көтеріліп адамдарды құтқара бастадық. Есіміз шығып кеткен, барлығын автоматты түрде істеп жаттық", – дейді Эльдар Исмайылов.

- Өзіңізді қалай сезінесіз?

- Жақсы, бірақ түтін көп жұтып қойғандықтан болар, тамағым ауырып, жүрегім айнығаны болмаса.  Бәрі жақсы.

Тағы бір адам мұнда Түркияның Сивас қаласынан келген екен. Ол іргелес құрылыс нысанында құрылысшы болып жұмыс істейді екен. 

"Өртті көргенде бірден көмекке жүгірген. 16-қабатта үш бала мен бір әйелді байқадым. Олар тұншығып, дем ала алмай жатты. Кішкентай сәби болды. Шамамен екі айлық. Ол жаққа кранмен көтерілу мүмкін емес екенін білдім. Сондықтан троспен биік қабатқа көтеріліп, үш баланы төменге түсірдім", – ол.

- Қорыққан жоқсыз ба?

- Жоқ, шырылдаған балаларды көргенде қалай шыдап тұрасыз, ондайда қауіп-қатер дегенді ұмытып кетеді екенсіз. 

Тұрғындарды өртенген ғимаратқа қайта кіргізуге рұқсат етілмепті, өрт сөндірушілер бұл ара, әзірге қауіпті екенін айтады. Өрт сөндірілгенімен, түтін мен ыс иісі кете қоймаған. Бірақ тұрғындарға пәтерлеріне кіріп, заттарын алуға рұқсат етілді.

Волонтерлер №181 мектепте түнеу үшін уақытша баспана ұйымдастырды. Оларға тамақ, киім-кешек берілді.