Әнші Алтынай Жорабаева бақыттан басы айналып жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты.
Үйде отағасы екеуміз ғана - Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде көрінбей кетуінің себебін айтты
26,031
оқылды

"Соңғы уақытта инстаға ештеңе салмай кеттім. 

Көзден кетсе, көңілден кетеді демекші, мені ұмытып қалған жоқсыздар ма?

Негізі, өзім бақыттан басым айналып жүрмін. 

Үйдегі, жұмыстағы көмекшілерімді демалыстарына жіберіп едім. Тойға да көмекшісіз жүргендіктен, не видео, не фото салуға ерінем. 

Бала-шағаны да 1 айға Аланияға жібердік. Үйде отағасы екеуміз ғана. Құдай-ау, жолдасым ештеңе жасама дейді ғой. Ұйқыңды қандыр, өзіңе ұнайтын нәрсені жаса, фильмдер қара дейді. Тіпті таңертең, жұмысқа дыбысын шығармай, жәй киініп, бетімді сүйіп шығып кетеді ғой.

Қысқасы, менде лафа. Аллаға сансыз шүкірлер", - делінген жазбада. 

Желі қолданушылары әншінің бұл бақытқа лайық екенін жарыса жазуда.

"Керемет, еркелей бер", "Көз тимесін", "Бақытты болыңдар", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Дұрыс, бақытты болуға әбден лайықсың", - деп жазды олар.