Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
СҚО-дағы шошқа фермасында 4 жұмысшы көз жұмды
630
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы EMS AGRO шошқа кешенінде төрт жұмысшы көз жұмды. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров оқиға болған Новоивановка елді мекеніне барды.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрт жұмысшысы ауысым аяқталысымен мал бордақылау алаңынан шықпаған.

Кейін тексеру барысында олардың тереңдігі 8 метрлік кәріздік жинақтаушыны тазалау барысында қаза тапқаны анықталды.

Оқиға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Марат Омаров барды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Төрт жұмысшының қаза болуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Өңір басшысы олардың отбасыларына барып, көңіл айтты.