4 мұғалімнің өліміне әкеп соққан жол-көлік апатына қатысты іс сотқа түсті.
Ақтөбедегі төрт мұғалімнің қазасы: қылмыстық іс сотқа түсті
2,025
оқылды

Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауданы аумағында болған жол апатынан соң қамауға алынған жүргізуші сот алдында жауап береді. Қылмыстық іс сотқа түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мұғалімнің өліміне әкеп соққан жол-көлік апатына қатысты іс сотқа түсті.

«Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша айып тағылған жүргізуші қазір қамауда отыр. Сот Қобда аудандық сотында қаралады. Соталды тыңдау уақыты таяу күндері белгілі болады. Іс сотқа түсті»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, 1 маусым күні жеңіл көлік алдында келе жатқан жүк көлігіне соқтығысты. Апат салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Біреуі ауруханада көз жұмды. Кейін олардың оралдық мұғалімдер екені белгілі болды. Бәрі Ақтөбе қаласына диплом алу үшін жолға шыққан. Кейін қаза болған педагогтердің қандай қызметте болғаны айтылды. Олар: Орал қаласындағы №47 мектептің педагог-дефектологі, Бәйтерек ауданы Новенький мектебінің дефектологі, Казталов ауданы К.Меңдәлиев атындағы мектептің логопеді, Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогі.