Парламент Сенаты де­путат­тарының ел өңірлеріне сапары жалғасып жатыр.
Өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесті
1,309
оқылды

Депутаттар Нұртөре Жүсіп, Ғалиасқар Сарыбаев және Амангелді Толамисов Жетісу облысына сапары барысында «Айналайын» ба­лалар үйінде, «Қамқор» медициналық-әлеу­меттік мекемесінде болып қайт­ты. Олар сондай-ақ аутизм және басқа да психикалық сырқаты бар балаларға арналған орталық­тың күндізгі бөлімінің қызметі­мен де танысты. Кездесу бары­сында сена­торларға әлеуметтік қорғау, мүгедектерге әлеумет­тік арнайы қызмет көрсету, тұрғын үймен қамта­масыз ету және басқа да мәселелер аясындағы проблемалар туралы ақпарат айтылды. 

Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысында болған кезде аудандық мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлер­мен және Көктоғай, Есбол, Жарсуат, Ақ Жайық, Еңбекшіл және Махамбет елді мекенде­рінің тұрғындарымен кез­десті. Кездесуге қатысушылар мәс­лихат депутат­тарының өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін, жол және ауызсумен қамтамасыз ету­ді жетілдіру жөніндегі ұсы­ныстарын және жергілікті тұр­ғындар айтқан өзекті мәсе­лелерді талқылады. 

Сенат депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысы­ның Ұлан ауданындағы Аблакет ауылдық округі­нің Бестерек ауылында болды. Пар­ламентшілер «Ақбауыр мұра­жай-археологиялық кешенін» ара­лады және ауыл шаруашы­лығы саласының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысу­шылар саланың проблемалық мәселеле­рін, со­ның ішінде бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнына суб­сидия беру, ауыл шаруашы­лығы тех­никасына несие беруді субсидия­лау пайы­зын қайта қарау мәсе­лелерін талқылады. 

Сенат депутаты Андрей Лу­кин елордалық мәс­лихат депу­тат­тарымен және Астана тұр­ғын­да­рымен кездесті. Кездесуде мәслихат депутаттары 2023 жыл­дың бірінші жартыжылды­ғы қорытын­дысы бойынша ат­қарылған жұмыстар туралы сенаторға айтып берді. Сенатор Андрей Лукин өз кезегінде Се­натта жүргізіліп жатқан заңна­малық жұмыстың барысы ту­ралы кездесуге қатысушы­ларды хабардар етті. 

Сенат депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданында болған кезде Ақтоған шаруа қожалығының қызметкер­лері­мен кездесті. Кездесуге қа­тысу­шылар ауыл шаруашы­лығын одан әрі дамытуды және оның келешегін, сондай-ақ сала бо­йынша қолданыстағы заң­наманы жетілдіру мәселелерін талқылады. Сенатор сондай-ақ Жақсылық ауылындағы «Нұр-Ай» бөбекжай бақшасының қызметімен және Құлан ауы­лындағы жаңа мектеп құрылы­сының барысымен танысты. Депутат Меркі ауданында бол­ған кезде «Балауса» бөбекжай бақшасының, «Трансфер» ша­руа қожалығының жұмысымен және Қайыңдысай ауылындағы оқу орнының құрылысымен танысты. Сәкен Арубаев со­нымен қатар Меркі аудандық мәслихатының депутатта­рымен де кездесті. Жүздесу барысында ауданның өзекті мәселелері, атап айтқанда мал және өсімдік шаруа­шылығын өркендету жайы тал­қыланды.