«AMANAT»-тың Маңғыстау об­лыс­тық фракциясы отырысында пар­­­тияның сайлауалды уәделерінің орын­далу барысы талқыланды.
Депо құрылысы – партия бақылауында
868
оқылды

Жиын барысында облыс әкімінің орын­басары Руслан Бектемір биыл­ға жоспарланған 84 іс-шара мен жо­балардың 40%-ы орындалып, қал­ғаны жыл соңына дейін жүзеге аса­тынын жеткізді.

Алайда орындалмау қаупі бар екі жоба белгілі болды. Солардың бірі –  өрт қауіп­сіздігінің алдын алу мақсатында қолған алын­ған «Өрт сөндіру депосының» құры­лы­сы. Осыған дейін төтенше жағдайлар де­партаментінің аталмыш ұсынысы қа­рал­май, Ақтау қалалық әкімдіктен бөлін­ген жерлер бірнеше рет қайтарылып алын­ған болатын.

«AMANAT» партиясы Маңғыстау об­лыстық фракциясының төрағасы Нұр­бек Қарасаев депо құрылысының мәселесін аяқсыз қалдырмау мақсатында Ақтау қа­ла­сы әкімдігінің, төтенше жағдайлар де­партаментінің өкілдерімен, облыстық мәслихат депутаттарымен жиын өткізді. Жиын барысында олар өрт сөндіру депо­сын салуға жер бөлу мәселесін шешу жо­­лын қарастырды. Талқылау нәтижесі бойынша қалалық әкімдік өрт сөндіру депосын салуға қаулы шығарып, жер бөлді. Осылайша, депо салу жұмысы об­лыстық құрылыс басқармасына тапсы­рыл­ды. Өз кезегінде, облыстық құрылыс бас­қармасы алдағы сессияда қаржы бөлу бойынша жобаны дайындап, ұсына­тын­дарын айтты. Тұрғындарды өрт апа­ты­нан қорғау маңызды мәселе екенін алға тарт­қан партия филиалының төрағасы Нұр­бек Қарасаев жоба толық аяқтал­ған­ша партия бақылауында болатынын жет­­кіз­ді.

Н.ОРАЗҒАЛИ