Негізінде жол картасы мен хаттамалық тапсырмалар бойын­ша Қарағанды облысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы 4 бағытта қалыптастырылып, оған 36 көрсеткіш пен 112 іс-шарамен жалпы 156 тармақ ен­гізілген.
Қарағандыда қарымды істер көп
802
оқылды

Өңірде сайлауалды бағдарла­ма­лар­­­­дың орындалысы мен басқа да мә­се­ле­лерді шешу қалай жүзеге асып жат­­қа­ны туралы «AMANAT» партия­сы Қа­ра­ғанды облыстық филиалының тө­ра­ғасы Бекзат Алтынбековтен біл­ген едік.

«Іс-шараларды орындауға 1,2 трлн теңге жоспарланған, оның ішінде рес­публикалық бюджет пен Ұлттық қор­дан 383,9 млрд теңге, жергілікті бюд­жеттен 447,8 млрд теңге, басқа көз­дер­ден 364,3 млрд теңге», – дейді Бек­зат Қо­марұлы.

Ал «Халықтың табысын арттыру», «Жас­­тарды қолдау», «Туризм сала­сын­­­­дағы әлеуетті дамыту», «Агроө­нер­­­кәсіптік кешендегі шаралар», «Өмір сапасын жақсарту (білім беру, ден­­­саулық сақтау, спорт)», «Өмір сүру жағдайын жақсарту (тұрғын үй құ­рылысы, инженерлік-коммуникация­лық инфрақұрылым салу, көлік бай­ланысы, сумен, газбен және жылумен қам­тамасыз ету, жас мамандарға ар­нал­ған әлеуметтік бағдарламаларды дамыту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету)», «Экологиялық жағ­­дайды жақсарту және партиялық жо­баларды іске асыру» бойынша да жос­парлар құрылып, жүзеге асыры­лу­да. Сонымен қатар биылғы жылы Рес­публикалық сайлауалды штаб өкіл­дерінің сапары кезінде бірнеше хат­тамалық тапсырма берілген бола­тын. Солардың бірі – «Жылдық 5% жеңілдікті ипотека ұсынатын жас ма­мандар, кеншілер мен металлургтер үшін Өңірлік Ипотекалық бағдар­ла­маларды іске асыруды ұйымдастыру».

«Өңірімізде аталған бағдарлама «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесе жүзеге асы­рылуда. Биыл Қарағанды, Бал­қаш, Теміртау, Саран қалаларын қам­ти отырып, жылпы саны 196 жеңіл­де­тілген несие берілмек. Жыл сайын облыстық бюджеттен – 1 млрд теңге, жер­­­гілікті бюджеттен – 1,4 млрд тең­ге, банк тарапынан – 1,1 млрд тең­ге қа­растырылған. Хаттамалық тап­сыр­малар Жол картасына енгізілген. Әр тармақ бойынша жауапты облыстық фракция депутаты белгіленіп, өңірдің бас­қарма басшыларымен және облыс әкімінің орынбасарларымен келісі­ліп, саяси бюро отырысында бекітіл­ген», – дейді филиал төрағасы.

Жалпы, Жол картасын іске асыру бойынша жұмыстар партиялық ба­қылауда. Ал қоғамдық қабылдауға аза­­­маттар күнделікті жүгінеді. Жыл ба­сынан бері қоғамдық қабылдау бө­лі­міне 1,5 мыңнан аса өтініштер мен ұсы­ныстар келіп түскен. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутат­та­ры, басқарма басшылары, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, медиаторлар, адвокаттар, сот орындаушылар облыстық филиал жа­­нындағы қоғамдық қабылдау бөлі­мін­де кестеге сәйкес қабылдаулар өт­­кі­­зіп отырады. Биыл мобильді қо­ғам­дық қабылдау Абай, Нұра, Оса­ка­ров және Шет аудандарының шалғай ауылдық елді мекендерінде өтті.

«Барлық өтініштер уақыты жауа­бын тауып, мемлекеттік орындаушы ор­гандармен бірлесе шешіледі. Со­ны­мен қатар партияға қабылдау да жү­зеге асуда. Мәселесі оң шешілген аза­маттар партияға ризашылығын біл­діріп, мүшелікке өтіп жатқандар қа­тары да аз емес. Жыл басынан бері бір мың адам партияға қосылды. Сон­дай-ақ Қарағанды облысы бойын­ша бүгінге дейін 166 ауылдық округ әкімдерінің 12 елді мекенде сайлауы өтті, олар 3 – кент, 2 ауыл және 7 ауыл­дық округ. Дауыс беру қорытын­ды­­сы бойынша барлық жерде «AMANAT» партиясының канди­дат­тары жеңіске жетті. Бұл тағы да ха­лық­тың партияға деген сенімін көр­се­те­ді», – дейді Бекзат Қомарұлы.

Бүгінгі таңда 272 бастауыш партия ұйымында 33 777 партия мүшесі бар. 5 айдың қорытындысы бойынша партиялық жарналар 32 042,4 мың теңге немесе жоспардың 79%-ын құрады. Жалға беру бойынша кіріс – 11 766,1 мың теңге немесе жос­пар­дың 103,7%-ын құрады. Сонымен бір­ге Партиялық жобаларды жүзеге асы­руда жастар, студенттер, еріктілер бел­сене қатысады. Бұл ретте «Арда­гер­лерді ардақтайық», «Таза лайк», «Бір толқында», «Жастарға жұмыс» және басқа да жобалар бойынша «Жас­тар Рухы» Жастар қанаты облыс­тық филиалының жұмысы жүйелі жүргізілуде. Мәселен, олар қоғамда бо­лып жатқан жағдайларға бейжай қара­май, азаматтық танытып, Семей­де өрттен зардап шеккендерге гума­ни­­тарлық көмек жинауды да ұйым­дас­тырды. 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 Қарағанды облысы