Күдікті бір күнде 18 орынға полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тығып үлгерген.
Шымкент тұрғындары есірткі жасырып жүрген «курьерді» ұстады
690
оқылды

Шымкент қаласының тұрғындары көшеде есірткі жасырып жүрген «курьерді» ұстады.

Көшеде есірткі қойып жүрген күдіктіні ұстап алған тұрғындар "102"-ге хабарласқан. Шақырту бойынша жедел жеткен тергеу тобының қызметкерлері күдіктінің Telegram чат арқылы түскен нұсқауларды бұлжытпай орындағанын анықтаған. Кейін, тәртіп сақшылары оның есірткі қойып кеткен жерлерін жеке-жеке тінтіп, жасырылған ұнтақтарды айғақ зат ретінде тәркіледі. Нәтижесінде, құқық бұзушы бір күнде 18 орынға полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тығып үлгерген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені расталды.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді. Белгілі болғандай жас жігіт 3 айдан бері «курьер» болып жұмыс істеген және күніне орта есеппен 20-25 орамды қойып кетумен айналысқан. Қазір күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы Полициядепартаментінің хабарламасында.