Қайғылы оқиға 2 тамыз күні болған.
Меркі ауданында 2 бала бассейнге батып кетті
767
оқылды

Жамбыл облысына қарасты Меркі ауданындағы демалыс орындарының бірінде кәмелет жасына толмаған екі бала бассейндегі суға батып, көз жұмды.

Қайғылы оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 18.58-де Меркі ауданы Меркі ауылы Исмаилов көшесі, 200 «Б» мекенжайында орналасқан  Big Family  демалыс аймағының аумағында болған.

«Демалушылар 2012 жылы және 2010 жылы туған екі баланың денелерін судан алып шықты. Олар ересектердің қарауынсыз және демалыс аймағы  құтқарушыларының назарынан тыс қалып, көше бассейнінде жүзу кезінде суға батып, оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.