Алматы әкімдігі 1 тамызда өрттен зардап шеккендерге оның салдарын жою үшін қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
Алматыда өрттен зардап шеккен «Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына қандай көмек көрсетіледі?
1,442
оқылды

Алматы қаласының әкімдігі құрылыс компаниясымен бірлесіп «Ақкент» тұрғын үй кешені тұрғындарына пәтерлерді қалпына келтіруге көмек көрсетеді.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы негізінде тұрғын үй кешенін салушы - «Ayt housing Complex» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде мынадай шешімдер қабылданды:

  • 2 қыркүйекке дейін «Ақкент» тұрғын үй кешені пәтерлерінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру;
  • құрылыс салушының қаржысы есебінен кіреберіс алаңдарына жөндеу жүргізу;
  • құрылыс салушының қаржысы есебінен есіктер мен терезелерді ауыстыруға, құтқару операциясы барысында тартылған балкондарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге;
  • пәтерлерде әрлеу жұмыстарын жүргізу (левкас/қабырғаларды, төбелерді бояу (жөндеуден кейінгі жұмыстарды тұрғындар өздері жүргізеді);
  • барлық жұмыстарды аяқтап, тұрғындардың пәтерлерге 20 қыркүйектен кешіктірмей кіруіне рұқсат беру;
  • пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде тұрғындарға уақытша тұру бойынша шығыстарды өтеуге немесе ТЖ желісі бойынша шаралар аясында тұрғын үй беруге;
  • қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге денсаулыған қалпына келтіру бойынша, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (мамандандырылған емдеу, емдеуге жатқызу) аясында медициналық көмек көрсету.