Талдау нәтижесі бойынша, барлық келіп түскен пациенттерде тамақтан улану расталмады.
Қарағандыда жаппай ауруханаға түскен балалар тамақтан уланбаған болып шықты
5,949
оқылды

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан улану диагнозымен түскен балалардан алынған сынаманың талдау нәтижесі мәлім болды.

«Талдау нәтижесі бойынша, барлық келіп түскен пациенттерде тамақтан улану расталмады. Материалдар уланудың нақты себептерін анықтау үшін ауқымды зерттеуге бағытталған», – деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ  олардың айтуынша, 3 тамызда жалпы жағдайының жақсаруына байланысты нейробоксирленген бөлімшеге түскен тағы екі бала шығарылды.

«Қазір  9 баланы стационарлық емдеу жалғасып жатыр (реанимацияда – 6, нейробоксирленген бөлімшеде – 3). Динамикада барлық пациенттердің жағдайы тұрақты, нашарлап жатқан жоқ», – деп толықтырды ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.

Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға елде осындай мекемелерге кешенді тексерулер ұйымдастыруды тапсырды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлағандай, ішек инфекциясына жүргізілген сынақ теріс нәтиже берді.

Балалардың нақты неден уланғаны белгісіз.

Көрнекі сурет: pixabay.com