Енді талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес, конкурстық негізде білім гранттары тағайындалады.
Білім грантын тағайындау комиссиясы өз жұмысын аяқтады
2,230
оқылды

Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады.

Комиссия құрамындағы білікті де кәсіби әлеуеті жоғары түрлі сала сарапшылары табанды еңбек етіп, ауқымды жұмыс істей білді.

Осы ретте биылғы комиссия сапында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен бiлiм саласы кәсiподақтарының жетекшілері және «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Енді талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес, конкурстық негізде білім гранттары тағайындалады.

«Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін. Биыл білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға 94 мыңнан астам өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті», – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің интернет ресурсында, Telegram арнасында және ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 10 тамызға дейін жарияланады.

Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Фото: Tengrinews.kz