Психолог Ержан Мырзабаев не себепті педофилдер ауылдық жерлерден көп шығып жатқанын түсіндірді. Бұл туралы ол Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Педофилдер ауылда көп - психолог
1,778
оқылды

" Педофилдерге байланысты проблемалдардың көбі ауылда шығып жатыр. Кеше ғана Түркістанда болған жағдай, ол да ауыл. Қаланың ортасы емес, көршісі, қасындағы адам болды. Бірнеше жыл бұрын қоғамды дүр сілкіндірген  Абайдағы 11 сыныптың балдары жылдар бойы 7 сыныптың балдарын зорлап келген оқиға. Ол да ауыл. Ауыл деген кезде қасиетті, күшті ұғым ретінде елестетеміз. Бірақ шындыққа тура қарау керек", - дейді ол. 

 Психолог ауылдағы мұндай мәселелер  бала тәрбиесіне байланысты сауаттың төмендігінен болып жатыр дейді. 

"Қалада қанша бала педофильдерге ұшырап жатыр, ауылда қанша бала? Қалада статистика әлдеқайда аз. Өйткені, қаладағы адамдар бөтен адам деп қарап, бір-бірімен көп байланыса бермейді. Екіншісі, көп жерлерде камера бар. Үшіншісі, әркімнің қолында телефоны бар. Төртіншісі, біреумен кетіп бара жатса, назар аударып қарайтын адамдар бар. Барлық жерде полиция бар. Қайта қалада бұл азырақ болып жатыр. Ал, ауылда камера жоқ, телефон жоқ, бәрі бір-біріне таныс, туыс,бәрі бір-бірімен еріп кетіп жүре береді. Ешкім ешкімге айта алмайды. Проблема болса да, айта алмайды. Ертең бір-біріміздің бетімізге қалай қараймыз дейді. Ауылда қазір проблема көп. Бала тәрбиесіне сауаттың төменділігі ауылда.", - дейді психолог.