Әлеуметтік желіде жақында ғана бостандыққа шыққан эстрада жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлінің әлдебір тойда ән шырқап жүрген сәтінен видео тарады.
Оңбайтын адамсың ғой - Төреғали Төреәлі тойда жүр
23,676
оқылды

"Халық Төрешті сағынып қалыпты", - деп жазған автор. 

Ал тараған  бейнежазбадан той қонақтарының Төреғали Төреәлінің қолын алып, бетінен сүйіп жатқанын көруге болады. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні қолдап жатса, енді біреулері даттап жатыр.

Олар «Әр үйде бір тентек болады», «Менттер не ұтты? Бұл тентек өзгермейді», «Керемет», «Нашақордың өлеңдерін тыңдағым келмейді», «Келесі сұмдығына дайын болайық», «Оңбайтын адамсың ғой, Төреш» деген секілді сөздер жазды.

Айта кетейік, есірткіге мас күйінде ұсталып, қамауға алынған Төреғали Төреәлі 17 шілдеде бостандыққа шықты.