Республиканын солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Аптап ыстық, жаңбыр, жел: 4 тамызға арналған ауа райы болжамы
1,170
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз еліміздің солтүстігінде нөсер жауын жауады, найзағай ойнайды.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында күні жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканын солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-39°С қатты ыстық, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41°С қатты ыстық сақаталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық күтіледі.

Ақмола, Атырау облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының онтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.