92% тозығы жеткен сервис орталығында бүгінде 4 қазандық жөнделіп, тағы 4 қазандықты қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде.
Партиялық бақылау: Түркістан облысында тозығы жеткен қазандықтарды жаңғырту жұмысы жасалуда
744
оқылды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан №5 жылу энергия орталығына барды. Ол қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан қазандықтың жұмысымен танысты. 

92% тозығы жеткен сервис орталығында бүгінде 4 қазандық жөнделіп, тағы 4 қазандықты қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. 80 жылдық тарихы бар жылу беру мекемесі Кентау қаласындағы қуаттылығы 100 Гкал/сағ бірегей орталық болып саналады. Осыған дейін орталықтың тозуына байланысты, қазандықтарды, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларды қайта жаңғырту жұмысы жоспарланған. Оның сметалық құны – 13,7 млрд теңге. 

«8, 9, 10, 11 қазандықтарды жаңғырту жұмысы 30 қазанда аяқталады. Стансаның тозығы жеткендіктен, апаттық жағдайлар орын алуы мүмкін еді. Жылу орталығын қайта жаңғырту жұмысы аяқталғаннан кейін, тұтынушылар сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі», – деді Серік Симтиков.

Бүгінде қазандықтарды демонтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр.  Дайындық жұмысын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарлануда. Бұған қоса, 6,6 шақырым магистралды жылу желілері мен 4 насостық стансаны қайта жаңғырту үшін биыл 3,8 млрд теңге бөлінді. №5 жылу энергия орталығында партиялық бақылау бекеті ашылды. Оған жауапты депутат бекітілді. Жағдай тұрақты бақылауда.