2 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Жаңа Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болды
1,006
оқылды

Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында (НДФЗ) жарылыс болып, салдарынан екі жұмысшы зардап шекті,  деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға 3 тамыз күні сағат 11.30-да болған.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор шығарылған.

Салдарынан 1991 жылы туған екі азамат Орманов Д.Ж. және 1997 жылы туған Қалдыбай Ш.Е. зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Күйік ауруының шок кезеңі  2-3. Фосформен термохимиялық күйік  22 пайыз.