Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы NATURCOLD препаратының қауіптілігі туралы ескертеді. Бұл дәрі Қазақстан Республикасында тіркелмеген. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады.
Суық тию мен аллергияға қарсы қолданылатын бұл дәрі өлімге әкеледі - ДДҰ
1,332
оқылды

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі жөтелге қарсы сироп шығаратын Riemann Labs фармацевтикалық компаниясының қызметіне тыйым салғаны туралы ақпарат тарады. Камерундағы балалар осы сироптың салдарынан қайтыс болуы мүмкін деп күдіктенеді. Компанияның лицензия нөмірі NATURCOLD препаратының қаптамасындағы лицензия нөміріне сәйкес келеді. Айта кетейік, NATURCOLD Қазақстан Республикасында тіркелмеген, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда сегментінде сатылмайды», - делінген Комитет ақпаратында.

Сондай-ақ, бұл сироптың құрамындағы мәлімделген белсенді заттар – парацетамол, фенилэфрин гидрохлориді және хлорфенирамин малеаты. Ақпаратқа сәйкес, бұл заттар әртүрлі комбинацияларда суық тию, тұмау және аллергиялық ринит белгілерін жеңілдету үшін қолданылады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 27 маусымында Камеруннан NATURCOLD сиропының үлгілері ДДСҰ-на берілді және зертханалық зерттеулерден өтті. Үлгілерді зертханалық талдау препараттың жол берілмейтін жоғары концентрацияда диетиленгликольмен ластанғанын көрсетті. NATURCOLD сиропының үлгілеріндегі диэтиленгликольдің үлесі 28,6%-ға жетті. Диэтиленгликольдің шекті рұқсат етілген концентрациясы 0,10%-дан аспайды.

Дистрибьютор препараттың қаптамасында - FRAKEN INTERNATIONAL (Англия) көрсетілген. Алайда, Ұлыбританияның Ұлттық реттеу органы (MHRA) бұл атаумен өндіруші Ұлыбританияда тіркелмегенін растады. Қазіргі уақытта препараттың шығу тегін анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.

ДДҰ ішкен кезде диетиленгликоль адамдар үшін улы екенін және өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен қатар, кондиционерленбеген ластанған өнімдер пациенттің денсаулығына, әсіресе балаларды емдеуде үлкен зиян келтіруі, сонымен қатар өлімге әкелетін улануды тудыруы мүмкін.

NATURCOLD дәрілік препараты табылған жағдайда республика бойынша заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

ДДҰ-ның препарат туралы толық ақпаратымен мына жерден танысуға болады.