«Азаматтарға арналған үкімет» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көтерілді

Жалақылары дүйсенбіден бастап 50%-ға көтерілген.

Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға көтерілгенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады.

«Құрметті достар! "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация қызметкерлерінен жақсы сүйінші хабар естіп, қуанып жазып отырмын. Жалақылары дүйсенбіден бастап 50%-ға көтеріліп түсіпті. Барлығы қуанып, рақметтерін айтып жазып жатыр, жалпы менің бірінші депутаттық сауалымның нәтижесі, оң шешімін тапқанына өте қуаныштымын. Барлықтарыңызға еңбектеріңізге жеңіс, сәттілік тілеймін. Елдің алғысына бөлене берейік», - деп жазды халық қалаулысы.