Еліміздің ірі сауда орталықтарында мұқ­таж отбасылардың балаларына мектепке дайын­дық бойынша көмек көрсету пункттері ашыл­ды. Одан бөлек, ата-аналардың сауал­дарына жауап беретін жедел желі іске қосылды.
Көмек көрсету пункттері ашылды
638
оқылды

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 2008 жылдан бастап тұрақты ұйымдастыры­лып келеді. Аталған көмек аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, асыраушысынан айырыл­ған және ерекше балаларға бағытталған. Одан бөлек, аталған санаттағы балалар жалпыға бірдей білім беру қорынан да қаржылай көмек алып келеді», – деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Оның айтуынша, аталған қайырымдылық шара дәстүрге айналды.

«Былтыр демеушілер мен меценаттар 3 млрд 781 млн теңгеге 204 мыңнан астам оқушыға көмек көр­сетті. Биыл қайырымдылық акциясы 1-30 қыр­күйек аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді. Аза­маттардың өтінішіне назар аудару мақ­сатында жедел желі іске қосылды. Одан бөлек, ірі сауда орта­лық­тарында мұқтаж оқушыларға гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашылды. Балалардың құ­қығын қорғау комитетінің 74-25-28 жедел байланыс теле­фонына хабарласуға болады. Сондай-ақ BALA QORǴAÝ Telegram чаты жұмыс істейді», – дейді ол.

Б.ИКРАМОВА