Батыс Қазақстан облысының киберпо­лицейлері алаяқтық жасағаны үшін түрмеде отырған жазасын өтеушінің тағы бір қыл­мысын әшкереледі.
Түрмеде жатып телефонмен алдаған
3,955
оқылды

Оқиғаның мән-жайы былай болған: 29 маусым күні белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматтың WhatsApp желісіне хабарласып, оның қызы басқа нөмірден хат жазып жатқанын және қызының қарыздары барын хабарлаған. Осылайша, ол жәбірленушінің банк картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденеді.

«БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қазіргі уақытта алаяқ­тық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орында­рында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді күдіктіні әшкереледі. Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Ол қылмыстық әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Б.ИКРАМОВА