Алматы облысындағы Еңбекші ауылының жас тұрғыны «ел басқарушы ағаларға» үндеу жолдады. Мұнда бала есейгенде президент болатынын айтып, оған дейін жоғары жақтағыларға ойын алаңы мен жол салып беруін сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мен президент болғанша көмек қолын созсаңыздар: Алматы облысында кішкентай бала ел ағаларына үндеу жасады
1,904
оқылды

Ауылда ойнайтын алаңқайдың жоқ екенін айтқан бала шенділерден көмек сұрады.

"Жаз болса бітіп жатыр. Бізде ойнайтын бір алаң жоқ. Жүрміз. Ойын алаңымыздың түрі мынау, шаңға бүркіп келеміз. Жабайылар секілді ойнаймыз. Қалаға барғымыз келеді", – дейді ол.

Оның айтуынша, қалаға бару үшін 2 шақырым жолды жаяу жүруі керек екен. Тіпті көліктер зулап жататын қауіпті жолды кесіп өту керек болғандықтан көбіне ата-аналары жібермейтінін айтты. Балдырған басшылықтағылардан жол мен ойын алаңын салып беруді сұрады.

"Құрметті ел басқарушы ағалар! Мен өскенде президент болғым келеді. Мен президент болғанша көмек қолын созуларыңызды сұраймын", – дейді ол.