Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады.
БҚО-да ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды
1,479
оқылды

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 шілдеде БҚО ДП “CyberPol” қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқ, Мәскеудің 24 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Орал қалалық ПБ-ға қарасты уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.