Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова Instagram желісінде көпшілікке ата-анасы туралы әңгімесін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
32 жылдан кейін тойымда кездесті: актриса Әсел Сәдуақасова ата-анасы туралы ағынан жарылды
7,988
оқылды

Қазақстандық киноактриса Әсел Сәдуақасова Instagram желісінде ата-анасы туралы видео жариялады. Ол ата-анасы алғаш рет тойында қайта қауышқаны туралы айтты.

"Бәріңізге сәлем! Мен, Әсел Сәдуақасовамын және мен әкеммен 6 жасымнан бері араласпай келдім. Бірақ үнемі ата-анам тойымда болса екен деп армандайтынмын. 3 жыл бұрын мен әкеммен өзім танысқым келді. Сол кезден бері араласуды бастадық. Бүгін, міне, 32 жылдан кейін ата-анам тойым болған күні қайта қауышты. Мен өте қуаныштымын. Армандар орындалады екен",  деді актриса Instagram желісінде жариялаған видеода.

Желі қолданушылары актрисаны қолдап, оның әңгімесіне тәнті болды.

"Жарайсыз. Дұрыс қадам жасадыңыз", "Әкеңізге реніш ұстамағаныңыз дұрыс шешім. Жарайсыз", "Сенің бұл қадамың көптеген баланың көзқарасын түбегейлі өзгертеді, жарайсың",  деді пікір білдірушілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова желіде кезекті жазба жариялап, бұл жолы оқырмандарына өзінің отбасы жайлы бар шындықты айтып бергені туралы жазған едік. Одан соң Әсел әкесімен қалай танысқанын баяндаған. Кейін ол "Честно говоря" бағдарламасында әкесімен татуласуына жеке өмірі себеп болғанын айтқан болатын.