Алматы облысындағы 22 балалар лагерінің сегізі уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұзып жұмыс істеген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Балалар лагерінің директоры тексеріс кезінде мас болған
2,118
оқылды

– Әрбір екінші балалар мекемесінде дерлік ойын алаңдары мен спорт алаңдарының қауіпсіздік талаптарының сақталмауы анықталды. Жатақханалар күрделі жөндеуді қажет етеді. Төрт балаға арналған бөлмелер шын мәнінде сегіз немесе одан да көп адамға арналған, дейді қадағалау органы.

Жұртшылық шағымданған «Бәйтерек» лагерінде де заңбұзушылықтар анықталды. Ол жерде демалыс пен оқу ұйымдастырылмаған. Суға шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.

– Оның үстіне, сол лагерьдің директоры мас күйінде жұмыста болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  деп атап өтті Бас прокуратура.

Балалар лагерьлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Бұл облыстағы балалар мекемесіне қатысты екінші жанжал. Әлеуметтік желіде саунада орналасқан балалар лагерінің видеосы пайда болды. Жартылай жалаңаш ер адамдар мекемені аралап жүрді, балалар өте тар жерде ұйықтады. Одан кейін Білім басқармасы балалар үйіне жеткізілгенін хабарлады. Кейін департамент жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа беретіндерін айтты. Енді қаладағы, барлық қала сыртындағы лагерьлер тексерілетін болады. Прокуратура да солай істеп жатыр.