Бурабайдағы «Алматы» қонақүйінің ғимаратынан өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бурабайдағы «Алматы» қонақүйі өртеніп, 106 адам эвакуацияланды
696
оқылды

«Бурабай кентінде 106 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

6 тамызда сағат 11:.59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері келіп, 3 қабатты «Алматы» қонақүйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.

Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 12.35-те оқшауланды.