2023 жылы жерүсті суларды бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр.
Елорда көшелерін жаңбыр суынан тазартуға 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
856
оқылды

Астанада тоқтаусыз жауған жаңбырға байланысты 100-ден астам техника жұмылдырылды, – деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Elorda eco system» мекемесі жерүсті суларды бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті шаралар жүргізіп жатыр: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды буландыру, су шығару. Сондай-ақ нөсер кәріз жүйелері мен тазартуға арналған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін осы іс-шаралардың арқасында 201 проблемалы учаскедегі су тасқыны мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

2023 жылы жерүсті суларды бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр.