15 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсете отырып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 мың теңге алып кеткен.
Павлодарда ер адам кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсетіп, үйді тонап кетті
995
оқылды

Павлодарда ер адам жер үйге баса-көктеп кіріп, анасының көзінше кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Кейін үйден 250 мың теңге алып кеткен, – деп хабарлайды polisia.kz.

«Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлады. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, кәмелетке толмаған 15 жастағы қызына зорлық-зомбылық көрсете отырып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Солай 250 000 теңге қаражатын иемденген.

Арнайы іс-шаралар басталып, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны ұсталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.