Оқиға орнынан 70 және 38 жастағы тұрғындардың мәйіті табылды.
Шымкентте жер үй өртеніп, екі адам көз жұмды
949
оқылды

Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды.

Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Циалковский көшесінде болды. Өрт орын алған аумақта 100 шаршы метр ғимарат құлап, 60 шаршы метр алаңдағы сарай мен жолаушылар көлігі жанып кетті. Сондай-ақ оқиға орнынан 70 және 38 жастағы тұрғындардың мәйіті табылды.

«Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы тартылды. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.