1965 жылы туған ер адам суға түсуге тыйым салынған жерде шомылу кезінде батып кеткен.
Атырауда ер адам Жайық өзеніне батып кетті
1,458
оқылды

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм рұқсат етілмеген жерде суға түскен.

Қайғылы оқиға бүгін, яғни, 7 тамыз күні сағат 15:40 шамасында Атырау қаласының Талқайран ауылы тұсында болған.

Оқиға орнына барған Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1965 жылы туған ер азаматтың суға түсуге тыйым салынған жерде  шомылу кезінде батып кеткенін анықтаған.

"Құтқарушылар су асты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, сағат 17:27 шамасында ер азаматтың денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушы, 1 бірлік қайық жұмылдырылды", – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Жыл басынан бері Атырау облысында 11 адамға суға батып кетті, құрбан болғандардың ішінде 3  бала бар.

Сонымен қатар биыл құтқарушылар су айдындарынан 6 адамды құтқарып қалған.

Баян Жанұзақова