Ақтау қаласында «AMANAT» пар­тиясы Маңғыстау облыстық фи­лиа­лы жанындағы «Жер аманаты» ко­мис­сиясының кезекті отырысы өтті. Он­да теңіз жағалауындағы 225,9 гек­тар жер мемлекет меншігіне қай­тарылғаны хабарланды.
Теңіз жағалауындағы жерлер мемлекетке қайтарылды
11,713
оқылды

Жиында облыстық Жер ресурстарын бас­қару департаментінің басшысы Хақ­һарман Бағынов өңірдегі пайдаланылмай бос жатқан және заңсыз берілген жерлер бойын­ша жүргізіліп жатқан жұмыстар ту­ра­лы баяндама жасады. Ол «Самал-2» ша­ғын ауданындағы «Вилла» нысаны қай­тарылғанын, қазір «Кендірлі» дема­лыс аймағында қонақ үйлер салынған Қос-АДА жерлеріне зерттеу, талдау жұ­мыс­тары жүргізілуде екенін айтты.

Игерілмей жатқан жерлер мемлекет мен­шігіне қайтарылып, ел игілігіне бе­рілуі керек. Осы ұстаныммен жұмыс жа­­­­сай­тын комиссия мүшелері заңсыз жер­лерді анықтау жұмыстарын жандандыра түсу керектігін ұсынды. Комиссия мү­ше­сі, Жаңаөзен қаласынан сайланған об­лыс­­тық мәслихат депутаты Шәріп Ақжі­гі­тов «Кендірлі» демалыс аумағындағы жер­лерді тексеруге шақырды. Комиссия ке­зінде партия белсендісі Нұрлыбек Кұл­жабаев Маңғыстау ауданындағы жерін мем­лекет меншігіне өз еркімен беруге дайын екенін айтты. Сондай-ақ басқа да жер­лерді анықтап, мемлекет меншігіне пай­далануға, әлеуметтік нысандар салуға қай­тару керектігін жеткізді.