Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов партия филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Іс-шараға «АМАNАТ» партиясының облыстық филиал төрағасы Бибігүл Аққожина да қатысты.
Тұрғындарды алаңдатқан сауал көп
991
оқылды

Қабылдау барысында «Арай» шағын ау­данындағы құрылыс жұмыстарымен ке­ліспейтін қала тұрғындарының ұжым­дық өтініші қаралды. Олардың пікірінше, мек­теп пен демалыс аймағын орна­лас­тыру­ға арналған тізімнен Пушкин – Аман­гелді – Набережная көшесінен тө­менгі аумақтың шекарасын алып тас­тау керек. Қостанайдың жеке коттедждер ор­наласқан орталық көшелеріндегі жер те­лімдерін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түр­де тартып алу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте олар Қостанай қаласының ор­та­лығындағы Тәуелсіздік көшесінің бойын­дағы жер телімдерін жоспарлау құжа­тынан алып тастауды талап етіп отыр.

Жиналғандардың жанайқайын ес­ті­ген Сайлаубек Ещанов ешкімнің үйін еш­кім күштеп тартып алмайтынын атап өт­ті. Оның үстіне, тұрғындардың көп­ші­лігі жаңа шағын ауданның құрылысына шы­найы қызығушылық танытып отыр­ғанын айтты. Қабылдау қорытындысы бойын­ша Қостанай облысы әкімдігінің Құры­лыс, сәулет және қала құрылысы бас­қармасына Тәуелсіздік көшесінің бойын­дағы аумақтарды мемлекет мұқ-

т­ажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға жата­тын жер учаскелері тізімінен алып тастау туралы өзгертулер енгізу ұсынылды. Пар­тияның облыстық филиалы бұл бағыт­тағы жұмысты бақылауда ұстайтын бо­лады.