Өтінім беру үшін жұмыс берушіге электронды үкімет порталындағы деректерді тол­тыру қажет.
Әлеуметтік аударымдарға – онлайн қайтарым
624
оқылды

Электронды үкімет порталы арқылы қате төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша сервис іске қосылды.

Пилоттық жоба қызмет алу­шылар үшін қате аударылған қаражатты қайтару жолын жеңіл­детіп қана қоймай, Мем­лекеттік корпорация қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтады.

«Бұған дейін жұмыс берушілер Мемлекеттік корпорацияға келіп, ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті қағаз күйінде тап­сыратын. Одан бөлек, өтініштер пошта қыз­меті арқылы жіберіліп, оларды жеткізу ұзақ уақытты талап ететін. Біз азаматтарға қолай­лы болу үшін eGov.kz порталында осы сервисті іске қостық. Енді жұмыс берушілер мен төлеушілер, өтінішті онлайн жіберіп, уақытын едәуір үнемдей алады. Жаңа сервистің арқасында қызмет көрсету мерзімі 15 күннен 12 жұ­мыс күніне дейін қысқартыл­ды. Сонымен қатар өтініш беру­шілер өтінішінің қаралу дәрежесін бақы­лай алады», – деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төраға­сы­ның орынбасары А.Ибраев.

Айта кетейік, қате аударылған әлеуметтік және зейнетақы ауда­рымдарын қайтару, жүктілік және 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бо­йынша берілетін әлеуметтік төлем­дерінің дұрыс есептелуі мен та­ғайындалуы үшін қажет.

Айта кетейік, бұл сервис Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында бірлесіп жасалған бұйрық нәтиже­сінде іске асырылды.

Н.САРША