Жетісу облысында мүгедек ба­ла­ларға қамқорлық пен қолдау жасау ба­ғытында нақты шаралар жүзеге асырылуда.
Мүгедек ба­ла­ларға қамқорлық
1,055
оқылды

Был­тыр облыс әкімінің Пан­­фи­лов ауданын­да­ғы резиден­ция­сы балаларды оңалту ор­та­лығына беріліп еді. Биылғы наурыз­да Алакөл ауданындағы  Ақши ауылында көл жағалауында ор­наласқан аудан әкі­мінің бұрынғы резиденция мүге­дек ба­лаларға арналған оңалту орта­лы­ғының теңгеріміне берілген бола­тын. Енді, міне, сол «Жансая» күндізгі болу орталығын­дағы алғашқы де­малу ке­зеңін­де де  мү­ге­дектігі бар 50  бала де­малуда.  

Күні кеше Алакөл ауданына барған  жұмыс са­­пары барасында облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Жансая» күндізгі болу орталығына ат басын бұ­рып, балалармен және олардың ата-ана­лары­мен, дәрігер мамандармен тілдесті, демалыс орнының жабдықталуымен танысты.  

– Алакөл суының емдік қасиетін бәріміз бі­­ле­міз. Сондықтан көл жағалауында балалар ем ал­сын, ата-аналары да сергіп қалсын деп осы оңалту орталығын аштық. Алдағы кезде об­лы­сымыздағы Балқаш көлінің жағалауында да осын­дай орталық құру ойда бар.  Жоспарға сай Бал­қашқа апаратын жолдың жөндеу жұмыс­та­рын аяқтасақ, инженерлік желілерін жүргізсек, оңалту орталығын ашуға да мүмкіндік болады. Бал­қаштың суы әлдеқайда жылы, өзі аса терең емес. Сондықтан ондағы оңалту маусымы әлде­қай­да ұзақ болуы мүмкін. Ал Алакөлдің суының ши­пасын елдің бәрі біледі,  – деген  облыс бас­шысы балалар мен олардың ата-аналарына сәтті демалыс тіледі. 

Жалпы «Жансая» орталығын ағымдағы жөн­деуден өткізуге облыстық бюджеттен 37 млн теңге қаражат бөлініпті. Құрылыс жұмыс­та­рын «AIDAR GROUP 2017» ЖШС мен «Rus­Stroy» ЖШС жүргізген.  Жазғы кезеңде орталық бар­лығы 150 бала қабылдайды деп жос­пар­лан­ған. Демалушыларға 24 маман қызмет көрсетеді. Мұнда жатын бөлмелер, ойын залы, асхана, мед­бике бөлмесі жабдықталған. Мүмкіндігі шек­теулі, өзіне-өзі қызмет көрсете алатын 6 жас­тан 18 жасқа дейінгі III топтағы мүмкіндігі шек­теулі балалар қабылданады. Сауықтыру ла­ге­рінде су терапиясы, арт терапия, дене шы­нықтыру, музыка және ойын терапиялары қол­данылады. 

Облыс әкімі Ақшиден кейін Бескөлдегі спорт кешеніне барып, ел игілігіне қызмет ете­тін жаңа нысанның мүмкіндіктерімен танысты. 80 орындық дене шынықтыру-сауықтыру ке­ше­нінің құрылысы аяқталып, нысан жақында ғана  пайдалануға берілген. Жоба құрылысының құ­ны – 1 млрд теңге. Мұнда спорттың  4 түрі­нен: қазақ күресі, дзюдо, бокс, волейболдан жат­­­­ты­ғу­лар жүргізіледі. Бір күрес залы, 1 бокс залы, 1 үлкен ойын залы және 1 жаттығу залы бар. Енді ауыл балаларының спортпен еркін ай­налысуына барлық жағдай бар.

Болат АБАҒАН,

Жетісу облысы