2023 жылы жерүсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланған.
Астананы су басқаннан кейін «Elorda eco system» директоры қызметінен босатылды
975
оқылды

Астанада нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов жұмыстан шығарылды.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Elorda eco system» алдына жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және тағы басқа.

Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылы жерүсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр. Бұған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілген болатын.