«Алла әкейдің алдынан жарылқасын»: Әнші Айгүл Иманбаева жақынынан айырылды

Қаралы хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали Facebook парақшасында жазды.

«Қаралы хабар. Қазақтың аяулы өнерпаз қызы Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүние салды. Құрметті Айгүл, қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Бекем болыңыз!», – деп жазды Ерлан Рысқалиев.