Қаратөбеліктермен бірге ауыз су, көпір, жайылым мәселесі де жан-жақты талқыға түсіп ауыл халқы шешілу жолдарының барысына қанықты.
"AMANAT" қаратөбеліктердің мәселесін қадағалауында ұстайды
675
оқылды

"AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің айрықша қадағалауына алған өзекті мәселелердің шешілу жолдарын өзара талқылау мақсатында Төлеби ауданы Қаратөбе ауылының тұрғындары қатысуымен өткен аптаның жұмасында жиын өтті. Ауылдағы ағайынның талап-тілегін талқылаған, ақылдасқан жиында "AMANAT" партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Ғалымжан Елшібай және Ханай Әшірбеков, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев, сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімнің бас маманы Мақсат Спабек пен Кемеқалған ауылының әкімі  Досымжан Дәрібаев бастаған әкімдік мамандары қойылған сауалдарға жауап қайтарып, қарайтын мәселелердің шешілу жолдарын түсіндіріп берді. Әлеуметтің жанайқайын әлеуметтік желіде жариялаған Мейрамбай Құрманбаев та осы жиынның ортасында болып елмен бірге ой-пікірлерін бөлісті. Ауыл ақсақалдары Сейдаз Әбдуәлиев, Айтжан Төлтаев  тұрғындарды өзекті мәселелерді шешуге атсалысуды өздерінен бастауға, ынтымақ пен бірлік танытуға шақырып, жиында баталы тілектерін айтты. 

Алқалы жиын қорытындысына қысқаша тоқталайық:

1. Қаратөбе елді мекенінің Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы көшелеріне трансформатор қою және электр желілерін жүргізу жұмысы былтыр басталған болатын. Нысанның құрылыс құны 74 190,0 мың теңге. 2022 жылға 10,0 млн теңге қаралып, жұмыс басталған. Қалған 64 190,0 мың теңге 2023 жылға өтпелі. Бұл мәселе бұған дейін "AMANAT" партиясының  Ордабасы ауданында өткен көшпелі мәжілісінде талқыланып, сол жиында есеп берген салалық басқарма басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы алдағы күзде  болатын облыстық мәслихаттың  кезекті сессиясына қалған қаржыны бөлуді ұсынатынын алға тартқан еді. Енді осы мәселенің оңтайлы шешілуі бақылауда болады.

2. Қаратөбе елді мекенінің жалпы ұзындығы 2,92 шақырымды құрайтын Ақбосаға, Ақбура, Ынталы көшелеріне  орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты сметалық құжаттама әзірленіп (сметалық құны – 70 млн 414 мың 38 теңге), аудандық салалық бөлім конкурс жариялаған. Бүгінде мердігер анықталуда, кешікпей көше жөндеу қолға алынады. 

Қаратөбеліктермен бірге ауыз су, көпір, жайылым мәселесі де жан-жақты талқыға түсіп ауыл халқы шешілу жолдарының барысына қанықты. Игі бастамаларды қолдайтындықтары қуантты.