"8.08.23 – шексіздік", – деп жазды олар Инстаграм парақшасында.
Әнші Индира Еділбаева тұрмысқа шықты
2,069
оқылды

Танымал әнші Индира Еділбаева әлеуметтік желіде неке қию рәсімінен видео жариялады.

Бұған дейін Индира Еділбаева оқырмандарына қуанышты жаңалығын бөлісіп, жігітінің ұсынысына «Мен «иә» дедім» деп жауап бергенін хабарлаған болатын.

Бүгін әнші Индира Еділбаева мен танымал әртістердің менеджері Камалдин Камирдинов некесін қиды. Олар неке қию рәсімінен видео жариялады.

"8.08.23 – шексіздік", – деп жазды олар Инстаграм парақшасында.

Әншінің таңдауы "Жабық клуб" ("Закрытый клуб") музыкалық лейблінің директоры Камалдин Камирдиновқа түсті. Камалдин – The Limba, Rusha, Ayau, Liili, Qair, abdr секілді әртістердің менеджері. Ол әртістермен 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Еске салайық, Индира Еділбаева бүкіл Қазақстанға "Голос.Украина" жобасымен танылды. Ол бұл жобада суперфиналға дейін жетті, бірақ басты жүлдені ала алмады.

Фото: instagram.com/indi_edilbayeva